Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Ойыл қазақ орта мектебі» КММ

КГУ «Уилская казахская средняя школа» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области

МЕНЮ

  мектеп фото

Мектеп - халықтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан адамгершіліктің ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. Мектеп деген - мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіңе керек жауһар секілді баға жетпес «білім» деген байлықты алып, өміріңе сарқылмас нәр беретін алтын ұя. Осындай білім ошақтарының бірі – Ойыл қазақ орта мектебі. Типтік жобада салынған аудандағы алғанһшқы білім шаңырағына биыл 39 жыл болмақ. Бұл мектеп 1971 жылы пайдалауға берілген. 1971 жылдан 1984 жылға дейін Н.К.Крупская атындағы Ойыл қазақ орта мектебі болды. 1984 жылы 3 маусымда Халық депутаттары Ойыл аудандық Советі атқару комитетінің 187 шешімі бойынша Н.К.Крупская атындағы Ойыл қазақ орта мектебі базасынан, сегіз жылдық мектебі мәртебесіне ие болды. Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ойыл әкімінің №139 шешімімен 2001 жылы 11 қыркүйектен бастап, Ойыл орталау мектебі ізінен орта мектеп болып ашылды. Білім ордасының 35 жылдық тарихында өзіне тән, қайталанбас ерекше беттері бар.

   1984 жылдан бастап мектеп директоры Кенжебаев Алпыс болды.

Мектептің алғашқы басшысы А .Кенжебаев пен орынбасары Б .Тажиданованы ұстаздардың ұстазы десе болғандай. Басқарушылық жұмыста қатаң талап қоятын іскер басшылар мектеп ашылған күннен бастап ұжым мүшелерін «бәрі бірі үшін, бірі бәрі үшін» қағидасымен жұмыс жасауға қалыптастырды. Еншісі бөлінгенде ескі жұртта қараусыз қалған мектепті 2 айда жөндеу жұмысын жүргізіп, қалыпты мектепке айналдыру талапшыл басшылардын іскерлігі екенін мектеп ұжымы ұмытпайды. Ұстаздың бүкіл өмірі жақсылық пен қайырымдылыққа, борышқа толы. Сол жылдары өз жұмыстарын абыроймен атқарған ұстаздар: СССР және ҚазССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, әдіскер мұғалім, Ы.Алтынсарин медалінің иегері – Ұ.Қауымбаева, ҚазССР халық ағарту ісінің озық қызметкерлері – С.Есенғарин, С.Тұрғанбекова, Т.Қуатова, С. Бекешова, Б.Бектұрғанова, Д.Скакова, еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегері - А.Шотанова, ұзақ жылдар еңбек еткен Қ.Қомашев, Г.Мавлюдова, Н.Қисықова, З.Қитанова. Бұл есімдерді зейнеткерлікке жеткенмен қоғамдық жұмыстан қол үзбеген Р.Аралова, Т.Қалниязова, А.Салиева, Т.Қази, Б.Бимахова, Г.Базарова, әдіскер мұғалім М.Еркінова, М.Сұлтанов, А.Бижановалар толықтыра түседі. Сол тұстарда ұжымда жұмыс жасаған       Ғ. Шотықов , Ж.Шотықова, Р.Қожақова, Ж.Қазбековалар жас мамандар еді.                                

     1985-1996 жылдары мектеп директорының қызметін Есенғарин Сағын атқарды. Оны басқарушылық қызметте ең ұзақ болып, өзінің іскерлігімен, адам жанын түсінетін адамгершілігімен, "Біздің сүйікті директор" деген атымен әрқашан құрмет тұтып, еске алады. Осы кезеңдегі мектеп ұжымында шығармашылықпен жұмыс жасаған мұғалімдер: Берік Бакиев, Әлия Алдабергенова, Қалима, Ерген Мұраталиев, Айкүл Кенжеғазина, Лида Оразова, Аманжол Мырзағалиев, Рита Мырзағалиева,Сәуле Қожақова, Шұға Қаратаева, Толқын Базарова, Шолпан Алманиязова, Айымгүл Қостанова, Нұрлан Қазбеков, Айман Сағиева, Зина Жүсібалиева. 1991 жылы Сұлтанов Мақсот ағай Республикалық спартакиадада І орын иеленіп, Қытайға жолдама алуы мектеп ұжымы үшін үлкен мақтаныш болған еді.

   1996-2003 жылдары мектеп директорының қызметін Бекешова Сақыпжамал атқарды. Есенғарин Сағын ағай сынды жігерлі де, талантты басшылардан бастау алған ұжымды 10 жыл директордың орынбасары, 7 жыл директор болып уақыт талабына сай ұйымдастырушылық қасиетімен шебер басқарған С. Бекешеваның есімін мақтанышпен айтамыз. Ұжымды С. Бекешева басқарған уақытта мектебіміздің «Үздік ауыл мектебі - 1996» облыстық сайысында жүлдегер атануы, 2000 ж. мектептің салауатты өмір салтын насихаттайтын облыстағы 10 мектептің қатарына еніп, «Салауаттылық –өмір салты» тақырыбында эксперименттік жұмысы қолға алынып, облыс көлемінде, сол сияқты тәрбие жұмысында коллективті творчествалық жұмыс (КТЖ) бойынша аудан көлемінде тәжірибе таратылуы жаналыққа жаны құмар басшының шебер ұйымдастыруынан деп білеміз. Және оны мақтан тұтамыз. Сақыпжамал апайдың ашық сабақтар, тәрбиелік іс-шараларға белсене араласуы мектеп ұжымының шығармашылық деңгейінің көтерілуіне көп әсерін тигізді. Мектеп басшысының ұжыммен тең деңгейде жұмыс жасауы жас мұғалімдер үшін өмірлік сабақ болғаны сөзсіз.Осы уақыттардан бастап Жазимова Р, Карагулова Б, Бижанова С, Бакытжанова З. сынды мұғалімдер өз тәжірибелерімен облыс көлемінде таныла бастады.

   2003-2007 жылдары мектеп директоры Бектұрғаов Бақтығали болды. Мектеп ұжымына тың серпіліс бере отырып, мұғалімдердің санатын көтеруде ақыл кеңесін аямады. Сынып журналдарындағы кемшіліктерді болдырмау жолында күш салып, сауатты толтырылуына баса назар аудартты. Мектептің күрделі жөндеу жұмысын жүргізу тізіміне енуіне мұрындық болған басшы. Г. Исмагулова Ақтөбе облысының жас суретшілері мен ақындарына арналған «Темірқанат кітабына» салған суреті енді. Мектеп ұстаздары Б. Карагулова, Р. Жазимова ҚР Білім және ғылым минстрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

   2007-2008 жыл мектеп директоры Ұлықпанова Роза болды. Ұжымды басқаруда бастаған істі уақытында атқаруға көңіл бөліп, мектептің материалдық базасын нығайтуда өзінің ізін қалдырған басшы – Б.Бектұрғанов болса, сол басшының жұмысын жалғастырып мектептің күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге, материалдық базасын қалаптастыруға нағыз қиын кезеңде Р. Ұлықпанова өзінің үлесін қосқан жас басшы екендігімен танылды. Әрқашанда ұжыммен етене аралас жұмыс істейтін жан- жақты,ашық, батыл мінезді Роза Сәуірбайқызын бүгінде әр салада қызмет жасап жүрген ұстаздар

Ж. Самаликова, А. Салиева, А. Шынбаева, Ж. Мұқашева, Ж.Тоқанова, З.Майгүл және де ұжым мүшелері ыстық ілтипатпен есіне алып отырады.

Мұғалімдердің іс- тәжірибелері толысып, өз жұмыстарын облыс, республика деңгейінде тарату жолға қойыла бастады. Л.Оразова облыс көлемінде тәжірибесін таратса, Ж. Самаликова жас ақындардың «Жыр мүшайрасында» жүлделі І орынмен марапатталды. Облыстық пәндік олимпиядада Тулебаева Зираданың шәкірті Ғалымова Дана І орынмен марапатталды.

   2009-2014 жылдары мектеп директоры   Сукашева Әлия болды. Мектептің алдына қойған өзекті мәселесі: «Оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып, жеке тұлғаның интеллектуалдық мүмкіндігін ашу». 2009-2014 жылдарында білім сапасы 51 % , ҰБТ көрсеткішінің орта балы-78 пайыз. Ұжым мен оқушыларды жақсылыққа жұмылдыра білген Әлияның басқарған кезеңдерінде Ойыл қазақ орта мектебі 2010 жылы Ақтөбе облысы ұйымдастырған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» жастардың марафон эстафетасының қорытындысы бойынша «Үздік білім беру ұйымы» деп танылып, облыс әкімінің тағайындаған автокөлікті иеленді. Осы акция аясында тек тазалық жұмыстарымен шектеліп қана қоймай, ұқып пен ұлағатты ұштастырып, мектеп ауласынан «Түлектер аллеясын» ұйымдастырды. Қазір мектеп ауласы нағыз баққа айналды. Бұл да болса жастардың бойына патриоттық сезімді ұялатудың бір бөлшегі болса керек. 2011 жылы «Облыстың үздік жалпы білім беретін мектебі» деп танылып, облыс әкімінің жарты миллион теңге сыйақысын алды. 2012 жылы «РISA-2012» халықаралық зерттеуіне белсене қатысқаны үшін мектеп ұжымын Алғыс хатпен марапатталды. 2013-2014 оқу жылында республикалық «Балдәурен» лагерінде өткен «Дети и лето» конкурсында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Әлияның ұжымды басқару стилі көпке үлгі десек артық болмас еді. Өйткені, соңғы үш жылда осы мектептен жиырма мұғалім облыс әкімінің озат мұғалімдерге арналған грантына ие болды. Тіпті көрсеткіші төмендеу бір-екі мұғалімді бір мерекеде марапаттап, олардың ілгері ұмтылуына ұйытқы бола білді. Сонымен қатар, мектептегі 37 мұғалімнің оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып берген сабақтарын, тәрбие жұмыстарын топтастырып, облыстық мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтымен бірігіп, «Қазақстанның тәуелсіздігі – жарқын болашақ кепілі» атты кітап етіп шығарды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің     20 жылдық мерей тойына орай, мектеп оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, мектепке деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Мектеп маршы» әнінің тұсауы кесілді ( сөзі мен әні жергілікті сазгер, Ойыл аудандық «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Е.Ж. Жиеналин). 2010-2013 жылдар аралығында мектепте оқу тәрбие жұмысының орынбасары              Г. Измағанбетованың басшылығымен «Салауатты өмір салты мотивизациясын қалыптастыру» бағытында эксперименттік жұмыс жүргізілді. 2014 жылы З.Бақытжанова "Қазақ тілін оқытудағы инновациялық бастамалар: Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі" атты мұғалімдердің республикалық форумына қатысты. 2012 жылдың                     24 қарашасында облыстық семинарда жұмыс қорытындыланды. Осы оқу жылында   7 «А» класының 2 оқушысы (А.Әділханова, Қ.Бектұрғанов) Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға қабылданды. 1 оқушы (А.Шурин) Алматы қаласындағы олимпиада резервтерін дайындайтын спорт мектебіне оқуға түсті. Зерде оқушылардың ғылыми жоба жарысында 4 - класс оқушылары А.Маратов, М.Нұрқасова жетекшісі Г.Тлепованың көмегімен ғылыми жоба қорғап А.Маратов өз жобасын Республика деңгейінде қорғап жүлделі 2-ші орынды иеленді, облыс әкімі А.Мұхамбетовтен алғыс хат алды. Республикалық, облыстық басылымдарға М. Жарқынбаеваның, Л.Сисенғалиеваның, Р.Жазимованың, З.Бақытжанованың, М.Қостанованың, мақалалары жарық көрді. Қазақстан Республикасы химия және биология мұғалімдерінің I съезіне биология пәнінің мұғалімі Қарағұлова Бибігүл Бақытжанқызы делегат болып, Өскемен қаласында барды. Мектеп мұғалімдері С.Бижанова, Б.Қарагулова Қазақстан Республикасы «Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2010-2011 оқу жылында Наурызова Динара Асылбекқызы «Алтын белгі» иегері болды.

   2014-2022 жылдары мектеп директоры Бисенова Шынаргүл болды. Өзекті мәселесі: «Білім сапасын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне енгізуді жалғастыра отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу» тақырыбын басшылыққа алып еңбек етті. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2015 жылғы 30 қазан күні  «Педагогикалық   үрдісте оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту ерекшеліктері» тақырыбында Ойыл қазақ орта мектебінің эксперименттік шеберхана жетекшілері педагогикалық идеялар панорамасын облыс көлемінде таратты. Білім мен тәрбие-адамгершілігі мол тұлға қалыптастырудың қос қанаты. Білімді, ой-өрісі кең, салауатты әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу қазіргі қоғам алдындағы тұрған басты мәселелердің бірі. Жас ұрпақ бойына ұлтттық құндылықтарды дамыту арқылы өнегелі тәрбие нәрін сіңіру-ұлағатты ұстаз қауымы қызметінің басты бағыттарының бірі. Педагогика ғылымдарының кандидатыҚұрманбаева Майра Жаноразқызының «Мың бала» жобасы бастамасын негізге ала отырып, біз оқушылардың икемділігіне қарай шығармашылық қабілеттерін дамыту, мүмкіндіктерін зерттеп тану қажеттілігінен «Жүз бала» жобасын қолға алдынды. Осы жобаның негізінде бүгінгі күні мектепте «Жүз бала» жобасы бойынша оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру, оқушының сыныптан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру бағытында қабілетіне қарай 10 орталық бойынша топтастырылып, жұмыстарын жүргізілді. 2015 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығынан «Сабақ – мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің айнасы» тақырыбында мектебіміздің мұғалімдерінің озық іс-тәжірибесінен сабақ үлгілерінің әдістемелік жинағы шықты. Сонымен қатар аталған орталықтан «Жас өркен» атты мектебіміздің дарынды оқушыларының шығармашылық жұмыстар жинағы да шығарылды.Жылдан-жылға педагогикалық ұжым мүшелерінің шеберліктері шыңдалып, оларға қойылып отырған   талаптар күшеюде. Сондықтан олар өз білімдерін тексеріп жетілдіруде арнаулы курстардан,   семинарлардан өтіп, әдістемелік кәсіптік шеберліктерін жетілдіріп отырды. Әлия Айсақызының тұсынан директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін үздіксіз атқарып, кәсіби шеберлігімен танылған М. Жарқынбаева Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігінің Алғысымен марапатталды.

Мектептің дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде алға қойған мақсаты - жан-жақты, білімді, іскер, өзіндік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау, бәсекеге барынша қабілетті, дарынды жастарды қалыптастыру. 2016 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы оқушылардың математика және механикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсынан ІІ дәрежелі дипломмен Сапар Атамұраты марапатталды. Республикалық «Зерде» шығармашылық жобалар зерттеу жұмыстарының конкурсынан Есенов Әділшын мен М.Нұрқасова, Жәрдемов Олжас І дәрежелі дипломмен марапатталды. Шымкент қаласында «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» қоғамдық қоры М. Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен бірлесіп «XXI ғасырдың дарындылары» атты IV Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында мектеп оқушылары бас жүлдені иеленді. «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау» қоғамдық қоры мен Тұран университетінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен «Қазіргі заманғы ғылым:жаңа көзқарас» атты V Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында Ойыл қазақ орта мектебінің дарынды оқушылары жеңімпаз атанды. Ә. Әділханов, Н. Жәрдемов сынды оқушылар республикалық IQANAT олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары атанды, жетекшісі М. Жарқынбаева. 5-6 сынып оқушылары арасындағы пәндік олмпиаданың республикалық кезеңінен 5 сынып оқушысы Д. Алтыбаев матиматика пәні бойынша Мақтау қағазбен марапатталды, жетекшісі Г. Мухтарова.

     Қостанова Мәншүк Шеркешбаевна Түркістан қаласында Рухани жаңғыру, тәрбие және білім кіші бағдарламасы педагог қызметкерлердің I республикалық съезіне делегат болып барып келді. Дәулетқалиев Нұрсұлтан Құнанбайұлы Білім және Ғылым саласы қызметкері кәсіподағы V Республикалық жастар форумына делегат болып барып келді. Мектеп мұғалімдері Жазимова Р. «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері төс белгісі – 2019», Сисенгалиева Л. «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төс белгісі – 2021» наградтарымен марапатталды.

   Мектепте роботатехника кабинеті ашылды. Жетекшісі Зиннолин Ж. Роботатехникадан облыстық, республикалық жетістіктерге жетіп жүр Құнанбаев Н, Жәрдемов О. І,ІІ дәрежелі дипломдарға ие болды. «Туған жерге тағзым» акциясы аясында мектебіміздің түлектері мектепке демеу көрсетті айта кететін болсақ 1981 жылғы, 2005 жылғы бітірген түлектердің арқауымен Ковкркинг алаңы ашылды. 1979 жылғы түлектер Жылыжайдың салынуына қолдау көрсетті. Мектебіміздегі «100 кітап» электронды кітап және «Туған жер» электрондық тақтасының жасақталуына мектеп оқушыларының ата-аналары С.Нурбаев және мектеп ұжымы атсалысты. иегері 2014-2015 оқу жылында Жексембаева Мөлдір Құспанқызы, 2015-2016 оқу жылында Базылова Жұлдызай Айбекқызы «Алтын белгі» иегері болса. 2016-2017 оқу жылында Абдуллина Шамшырақ Бердіғалиқызы, Мұхашева Інжу Қуанышбекқызы, Шурина Венера Раульқызы, Сағынова Жарқынай Серікқызы «Алтын белгі» иегерлері болды. 2017-2018 оқу жылдары Мұхамбетжан Аружан Сәндібекқызы, Мұқанбетқызы Ақкөркем,

Сейтмагулова Гулназ Ермековна, 2018-2019 оқу жылында

Сахиева Инара Бақытқызы, Дүзбағамбетова Айша Сәрсенбайқызы, 2019-2020 оқу жылында Мұхашева Ұлар Қуанышбекқызы, Сейліханова Әдемі Болатбекқызы, Нұрқасова Меруерт Ержанқызы,

2020-2021 оқу жылында Атағалиева Лаура Нұрланқызы, 2021-2022 оқу жылында Құнанбаев Нұрасыл Құнанбайұлы, Нұрлыбаева Оксана Нұрлыбайқызы, Cерікбаев Бекасыл Елдосұлы «Алтын белгі» иегерлері атанды.

     2022-23 оқу жылынан бастап Р. Ұлықпанова директорлық қызметке тағайындалды. Басқару - ұйымның қазіргі құрылымын тиімді әрі оңтайлы түрде сақтап тұру екені белгілі. Ал, табысты басқару - көшбасшылық дағдылар мен қасиеттердің болуын көздейтініне қарамастан, оның жалпы қызметіне өзгеріс енгізу емес, оны қолдау болып табылады деп ұғынған дұрыс. Осы жолда жаңартылған білім мазмұнына сай өзекті болып табылып отырған Lesson Study зерттеу жұмысы аясында сабақ құрылымдарына қиналмай ену мақсатында облыстық педагогикалық шеберлік орталығының білікті маманы тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік туғызды.Мұғалімнің кәсіби деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі - оның біліктілік санаты болып табылады.

6 сынып оқушысы Алтыбаев Дәулет Ерланұлы 5-6 сынып оқушыларының пәндік олимпиадасның облыстық кезеңінің гран при жүлдегері, Республикалақ олимпиаданың жүлдегері атанды. Облыстық «Жыл оқушысы-2022» байқауының ІІ дәрежелі иегері. Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Г. Мухтарова. 11 сынып оқушысы Мекебай Азамат YI Республикалық «Дінтану» пәндік олимпиадасының облыстық кезеңінің І дәрежелі жүлдегері ,республикалық кезеңінің жүлдегері. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің университет квотасы негізінде білім алу үушін сертификатымен марапатталды. Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі С.Кисикова. 10 сынып оқушысы Асқарова Мадина Республикалық "Мен репортермін" байқауының 2 дәрежелі диплом иегері. Жетекшісі: психолог А.Мәлікқызы.

10 сынып оқушысы Жәрдемов Нұртас Жолдасұлы Республикалық«Атадан Мұра» қоғамдық қорының бүлдіршіндер,мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған «Ақжелең» Y республикалық байқауында “Ғылыми жоба» номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін   марапатталды. Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Г. Мухтарова.

9 сынып оқушысы Аманғос Бекарыс Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінде математика секциясы бойынша ІІ орын алды. Математика бағыты бойынша «Ғылыми фестивалі – 2023 »облыстық ғылыми жоба байқауыныың І дәрежелі дипломымен марапатталды. Медицина бағыты бойынша «Ғылыми фестивалі – 2023 »облыстық ғылыми жоба байқауыныың І дәрежелі дипломымен марапатталды. Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Г. Мухтарова.  

9 сынып оқушысы Есенгелдин Нұрасыл Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінде робототехника секциясы бойынша ІІІ дәрежелі диплом, Робототехника бағыты бойынша «Ғылыми фестивалі – 2023» облыстық ғылыми жоба байқауыныың ІІІ дәрежелі дипломымен, облыстық «Көкпар» робототехника чемпионатында жүлделі орын ІІ орынмен марапатталды

6 сынып оқушысы Мәліков Балғынбай Облыстық «Көкпар» робототехника чемпионатында жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі : физика пәнінің мұғалімі Ж.Зиноллин.

9 сынып оқушысы Дәрібайқызы Нұрқалы "Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі" III дәрежелі диплом иегері.

Жетекшісі : қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі З.Бақытжанова.

2 сынып оқушысы Жаңбырбай Досхан «Зерде» XYIII республикалық конкурсының облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды Жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі А.Нуршина.

3 сынып оқушысы Асқарова Бибі «Зерде» XYIII республикалық конкурсының облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Ж.Дәулетқалиқызы.

4 сынып оқушысы Наурызбай Қайша «Зерде» XYIII республикалық конкурсының облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жетекшісі: информатика пәнінің мұғалімі М.Исимгалиева

6 сынып оқушысы Бақтыбаева Раушан, облыстық«Зерде» шығармашылық конкурсынан Мақтау қағазын алды.

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.Жазимова.

10 сынып оқушысы Жоныс Нұрәділ облыстық «Менің кішкентай Отанымның символы» атты байқауда Мақтау қағазына ие болды.

Жетекшісі : тарих пәнінің мұғалімі Н.Дәулетқалиев.

5 сынып оқушысы Ғалымжанов Нұрислам облыстық жалпы білім беретін мектептердің 5-6кл оқушыларының пәндік олимпиадасының облыстық кезеңінде ІІ дәрежелі диплом иегері.

Жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі А.Ақкереев.

5 сынып оқушысыОралов Санжар облыстық «Кең дала» олимпиадасынан ІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Н.Дәулетқалиев.

Облыстық "Достық-2023" облыстық кешенді пәндік олимпиадасында қазақ тілі пәнінен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жетекшісі : қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жазимова Раушангул Тургалиевна

10 сынып оқушылары Байсұлтанова Алтынгүл мен Жағпарова Жанайым облыстық «Алтын түлек» олимпиадасынанІІ дәрежелі дипломмен марапатталды

Жетекшісі : математика пәнінің мұғаліміБ.Бегалина.

Жылдан-жылға педагогикалық ұжым мүшелерінің шеберліктері шыңдалып, оларға қойылып отырған   талаптар күшеюде. Сондықтан олар өз білімдерін тексеріп жетілдіруде арнаулы курстардан,   семинарлардан өтіп, әдістемелік кәсіптік шеберліктерін жетілдіруде.

Мектептің дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуде алға қойған мақсаты - жан-жақты, білімді, іскер, өзіндік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, дені сау, бәсекеге барынша қабілетті, дарынды жастарды қалыптастыру болып табылады.

© 2024 Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы
білім бөлімінің «Ойыл қазақ орта мектебі» КММ КГУ «Уилская казахская средняя школа» отдела образования
Уилского района Управления образования Актюбинской области