Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы білім бөлімінің «Ойыл қазақ орта мектебі» КММ
КГУ «Уилская казахская средняя школа» отдела образования Уилского района Управления образования Актюбинской области
МЕНЮ
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймын!Отбасыларыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін!

Дуйсегалиева Самал Кабаевна 1974 жылы 22 наурызда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Сапақкөл елді мекенінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Педагог-сарапшы. Еңбек өтілі 33 жыл.
Байланыс номері: 8(705) 472 96 22
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
© 2026 Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы білім бөлімінің «Ойыл қазақ орта мектебі» КММ
КГУ «Уилская казахская средняя школа» отдела образования Уилского района Управления образования Актюбинской области




