Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы білім бөлімінің «Ойыл қазақ орта мектебі» КММ
КГУ «Уилская казахская средняя школа» отдела образования Уилского района Управления образования Актюбинской области
МЕНЮ
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз.
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы!
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, «Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймын!Отбасыларыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін!

Улыкпанова Роза Сауирбаевна 1978 жылы 08 қаңтарда Ақтөбе облысы Ойыл ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Бірінші санатты басшы, педагог - шебер. Еңбек өтілі 33 жыл.
Байланыс номері : 8 (771) 517 54 43
Электрондық пошта : Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
© 2026 Ақтөбе облысы білім басқармасының Ойыл ауданы білім бөлімінің «Ойыл қазақ орта мектебі» КММ
КГУ «Уилская казахская средняя школа» отдела образования Уилского района Управления образования Актюбинской области




